Мәскеу түбінде халықаралық авиациялық-ғарыш салоны өтеді

МӘСКЕУ. Тамыздың 10-ы. ҚазАқпарат /Нарымбек Исмағұлов/ - Мәскеу түбіндегі Жуковскінің М.Громов атындағы ұшқыштар институтының жазғы алаңында тамыздың 18-і мен 23-і аралығында «MAKС-2009» Халықаралық авиациялық-ғарыш салоны өтеді.

Мәскеу түбінде халықаралық авиациялық-ғарыш салоны өтеді

Мәскеуде өткен баспасөз мәслихатының барысында РФ өнеркәсіп және сауда министрі Виктор Христенко авиасалонды ашу даярлығы бойынша бүгінгі күні барлық іс-шаралар жүргізілгенін атап өтті.

Мәскеу облысы үкіметі төрағасының орынбасары Петр Кацывтың айтуынша, биылғы жылы негізгі көрме павильондарының алаңы 26,2 шаршы шақырымды құрайды. Барлығы авиасалонға Еуропадан, Америкадан және Азия-Тынық мұхиты аймақтарынан 34 елдің кәсіпорындары мен корпорациялары 711 өтінім берген. Авиасалонға 500 адам қатысады деп күтілуде.

Салонның жазғы бағдарламасына 134 ресейлік және 13 шетелдік компаниялардың заманауи ұшақтары мен тікұшақтары қатысатын болады.