Мәскеу түбіндегі ең қымбат 100 үйдің құны 2,5 миллиард доллардан асты

АСТАНА. 3 қаңтар. ҚазАқпарат - Мәскеу облысында аукционға шығарылған қала сыртындағы ең қымбат 100 үйдің бағасы 2,5 миллиард доллардан асты. Бұл туралы IntermarkSavills компаниясының шолуында айтылған.
None
None

Сарапшылардың мәліметтеріне қарағанда, өткен жылдың төртінші тоқсанында ең қымбат үйлердің (алғашқы және қайталама нарық) орташа шаршы метрі 18920 долларды құрап, үшінші тоқсанның көрсеткішінен 12 пайызға өскен. Мәмілелердің орташа бюджеті 25,5 милион долларға жетті.

31 коттедж кентіндегі үйлер дәстүрлі түрде беделді Рублев, Минск және Новорижское күрежолдарының бойында сатылады. Мәскеу түбіндегі ең қымбат үйлердің ауданы 400-2400 шаршы метрді құрайды. Үй маңындағы учаскелердің көлемі 17 сотықтан 16 гектарға дейін жетеді.

Knight Frank компаниясының ақпараты бойынша, 2011 жылы элиталық қайталама нарықтағы Мәскеу түбіндегі жылжымайтын мүлік бағасы 15 пайызға, алғашқы нарықтағы үйлер 5 пайызға артқан.

Соңғы жаңалықтар