Мәскеу түбіндегі көп қабатты үйде жолаушысы бар лифт үзіліп кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеу түбіндегі Удельная кентіндегі тоғыз қабатты жаңа үйде жолаушылар жеделсатысы шахтасына құлап кетті, деп хабарлады lifenews.ru.

Мәскеу түбіндегі көп қабатты үйде жолаушысы бар лифт үзіліп кетті

Лифт ішінде тұрғындардың бірі болған. Болжам бойынша жуырда орнатылған жеделсатының темір арқаны үзілген.

«Оқиға орнына құтқарушылар барып, жапа шеккенді шығаруға тырысып жатыр», делінген жедел ақпаратта.