Мәскеу түбіндегі жүйке аурулары клиникасында болған өрттен ажал құшқандар саны 36 адамға жетті

АСТАНА. 26 сәуір. ҚазАқпарат - Мәскеу түбіндегі Дмитровск ауданының Раменский кентінде орналасқан жүйке аурулары клиникасындағы өрт 36 адамның өмірін қиып кетті.
None
None

Бұл туралы Мәскеу облысы бойынша ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ресейлік «Жаңалықтар» агенттігі хабарлады.

Жүйке аурулары ауруханасындағы өрт бейсенбіден жұмаға қараған түні басталған. Оқиға орнына құтқарушылар жеткен кезде 35х12 көлеміндегі ғимараттың барлық аумағы жанып жатқан.

Соңғы жаңалықтар