Мәскеу тұрғынынан екі пулемет пен 19 тапанша, 15 мың оқ тәркіленді
АСТАНА. ҚазАқпарат - РФ ІІМ қызметкерлері ФҚҚ бірлесіп арнайы операция жүргізді. Оның барысында қару қоймасы бар 37 жастағы мәскеулік ұсталды.
Тінту ер адамның тұрғылықты жері астананың солтүстік шығысында Мәскеу маңындағы Люберецк ауданында жүргізілді.
Құқық қорғаушылар екі пулемет, екі карабин, екі автомат, 19 тапанша, төрт аңшылық қару, 15 мың патрон тапты. Бұл туралы РФ ІІМ ресми өкілі И. Волк мәлім етті, деп жазады life.ru.