Мәскеу және бүкіл Русь Патриархы Кирилл Алматыда жұртшылықпен кездесу өткізуде
АЛМАТЫ. Қаңтардың 17-сі. ҚазАқпарат /Елена Ильинская/ - Осы минуттерде Алматыда Мәскеу және бүкіл Ресей Патриархы Кирилдің қала жұртшылығымен кездесуі өтуде.
Орыс Православ шіркеуінің басшысы мұнда Астанадан келді. Бұдан бұрын хабарланғанындай, оның елімізге сапары Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыруымен ұйымдастырылған. Патриархтың қасына Астана және Алматы митрополиті Мефодий еріп жүр.
Кездесу Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында өтуде. Оның көрермендер залында дыбыстың естілуі жақсы. Оның үстіне ғимарат елдің тарихи мәдениет және сәулет ескерткіші. Ол Ұлы Отан соғыс жылдарына «Қазгор» жобалау академиясының мамандарының жобасымен салынған. Мұнда классикалық қазақ ұлттық мәдениетінің дәстүрлері мол пайдаланылған. 2008 жылы мұнда күрделі жаңарту жұмыстары жүргізілді. Театрдың көрермендер залы 800 орынға есептелген.
Зал лық толы. Мәскеу және бүкіл Русь Патриархы Кирилдің сапарының көпұлтты Қазақстан үшін ерекше маңызы зор. Кездесуге жиналғандардың арасында еліміздің бірінші ханымы Сара Назарбаева да бар.
Осы кездесуден кейін Патриарх Кирилл Никольск соборында құлшылық рәсімін өткізеді, мұнда 1995 жылы Алексий ІІ дұға оқыған. Осы жылдары Қазақстанда елдегі жұмыс жасап тұрған православ храмдары мен соборларының үштен екісі жаңартылды (қазір олардың саны 300-ге жуықтайды, алты монастырь ашылды).
Никольск храмының діндарлар үшін орны бөлек, оған жүз жылдан асты. Собор сәулетші Сергей Тропаревскийдің жобасымен салынды. Техникалық жобаларды сәулетші Андрей Зенков орындады және ол шіркеу құрылысы жұмыстарына басшылық етті. Собор 1911 жылы 10 баллдық жер сілкінісіне және кеңес заманындағы діндерді қудалауға төтеп берді. Вознесен кафедралық соборының да тағдыры осы тақылеттес, ертең таңертең онда да Патриарх Кирилдің қатысуымен құлшылық литургия өтеді. Сол күні Патриархты Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қабылдайды.