Мәскеу және бүкіл Русь Патриархы Кирилл Астанада Успен кафедралдық соборында дәріптеу рәсімін өткізді

АСТАНА. Қаңтардың 17-сі. ҚазАқпарат - Мәскеу және бүкіл Русь Патриархы Кирилл бүгін Астанада Успен кафедралдық соборын дәріптеу рәсімін өткізді.

Мәскеу және бүкіл Русь Патриархы Кирилл Астанада Успен кафедралдық соборында дәріптеу рәсімін өткізді

Успен кафедралдық соборы Астанада Қасиетті Успения құдай-ананың құрметіне салынды. Бұл соңғы онжылдықтардағы Орталық Азияда салынған алғашқы кафедралдық храм. Успен соборының құрылысы 2005 жылдан бастап жүргізілді, оның көлемі 900 шаршыметр, күмбезінің ұшар басына дейінгі биіктігі 68 метр. Успен кафедралық соборы ғимаратының күмбезі 2009 жылғы тамыздың 25-інде орнатылды. Храмға бір мезгілде төрт мыңға дейін адам сияды.