Мәскеу және Бүкіл Русь Патриархы Кириллдің қатысуымен Алматыда Құдайды дәріптеу - литургия рәсімі өтіп жатыр
АЛМАТЫ. Қаңтардың 18-і. ҚазАқпарат /Елена Ильинская/ - Алматыдағы Вознесенский кафедральды соборында Мәскеу және Бүкіл Русь Патриархы Кириллдің қатысуымен өтіп жатқан Құдайды дәріптеу рәсіміне мыңдаған діндарлар қатысуда.
Патриархтың Алматыға жексенбі, қаңтардың 17-сінде келгенін ҚазАқпарат бұдан бұрын хабарлаған болатын.
Собордың іші де, сырты да адамға лық толы. Сыртта тұрған адамдар діни рәсімді көріп, дұғаны тыңдай алулары үшін Храмның алдында монитор орнатылды.
Алматыда православтар көп және олар Патриарх Кириллдің келуін асыға және үмітпен күтті. «Патриархтың сапары халықтың көңіл-күйіп жаңартып, жоғары христиандық құндылықтарды адамдардың естеріне салады деген үміттеміз», - дейді олар.
Митрополит Мефодийдің айтуынша, бұл сапар «барша халық үшін үлкен мереке болып отыр», себебі православтар республикада халық саны жағынан ислам дініндегілерден кейінгі екінші. Православ діндарлар көпұлтты Қазақстанда өздерін жайлы сезінулері үшін, елде барлық жағдай жасалып отыр, дейді жергілікті епархия басшысы.