Мәскеуде 16-қабаттан құлаған бала тірі қалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеуде 16-қабаттан құлап кеткен бала тірі қалды, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС РФ құқық қорғау органдарына сілтемемен.
Олардың айтуынша, бала терезенің астын ала қойылған көліктердің бірінің үстіне құлаған.
«Бала түрлі деңгейде жарақат алған. Ол ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді», делінген жергілікті полиция хабарламасында.