Мәскеуде 16 шілде қаралы күн деп жарияланды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеу билігі ертең 16 шілдені метродағы апатқа байланысты қаралы күн деп жариялады, деп хабарлады «РИА Новости».
Бұл туралы журналистерге Мәскеу мэрі Сергей Собянин мәлімдеді.
Еске сала кетейік, 15 шілдеде таңертең мәскеулік метроның Арбатско-Покровский желісінде пойыз рельстен шығып кеткен болатын. Соңғы ақпарат бойынша, 20 адам қаза болып, 130-ға жуық адам жараланған. ҚР СІМ Мәскеу метросындағы апаттан зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматы жоқ екендігін мәлімдеді.