Мәскеуде 1812 жылғы соғыс мұражайы ашылмақ

АСТАНА. 22 ақпан. ҚазАқпарат - Мәскеуде Мемлекеттік тарихи мұражайдың филиалы - 1812 жылғы соғыс мұражайы 2012 жылғы 2-7 қыркүйек күндері ашылмақ, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.

Мәскеуде 1812 жылғы соғыс мұражайы ашылмақ

Мемлекеттік тарихи мұражайдың директоры Алексей Левыкиннің айтуынша, оның ашылуы елде 2012 жылы жарияланған Тарих жылының басты оқиғасы болмақ.

Мұражайға 1812 жылғы соғыстың 100 жылдығын мерекелеуге арналған жәдігерліктер қойылмақ. 1812 жылғы соғыс мұражайы Ленин атындағы мұражайдың ауласына орналастырылады. Экпозициялар екі деңгейлі павильонға орналастырылады, оны салуға 400 миллионға жуық рубль қарастырылып отыр.

1812 жылғы соғыстың екі ғасырлық мерейтойы қарсаңында көрмелер, конференциялар өтеді, «Бородино шайқасы» мұражай-панорамасы ашылады. Сонымен қатар Мемлекеттік тарихи мұражайдың өзіне де биылғы жылы 140 жыл толғалы отыр.