Мәскеуде 1882 жылғы температура рекорды қойылды

АСТАНА. Шілденің 28-і. ҚазАқпарат - Мәскеуде ауа температурасының 34,4 градустық өлшемі тіркеліп, шілденің 28-інде рекордтық көрсеткішке жетті, деп хабарлайды Лента.ру агенттігі Интерфакске сілтеме жасай отырып.

Мәскеуде 1882 жылғы температура рекорды қойылды

Метеорологтардың мәліметі бойынша, ауаның бүгін көрсеткен ең жоғарғы көрсеткіші 1882 жылы болған екен. Осыған қарамастан, кешке қарай ауа температурасы аздап көтерілетіндіктен, бұл ректордық көрсеткіш соңғы болмайды.

Бұл температуралық рекорд Мәскеуде шілде айында тіркелген тоғызыншы, ал жаз бойындағы он бірінші көрсеткіш болып отыр.