Мәскеуде 3 бірдей адамды өлтірген қанішер ұсталды

None
None
АСТАНА. Мамырдың 18-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Мамыр айының басында Көліктегі Батыс Ішкі істер департаментінің қызметкерлері үш адамның өліміне қатысы бар Өзбекстан азаматын қолға түсірді.
Бұл туралы бүгін журналистермен болған баспасөз мәслихатында Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық полиция комитеті төрағасының орынбасары Бекет Аймағамбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оның айтуынша, өзбекстандық азаматтың кісі өліміне қатыстылығы Ресей мен Қазақстан тәртіп сақшыларының бірлесіп жүргізген шараларының нәтижесінде анықталған. Қанішер өлтірген Францияның 3 бірдей азаматының ішінде 3 жасар нәресте де болған. «Бұл оқиға Мәскеу қаласындағы тұрғындар арасында үлкен дүрлігушілік тудырған болатын», деді төрағаның орынбасары. Оның мәліметтеріне қарағанда, Семей қаласында атыс қаруын қолдану арқылы екі адамды өлтіру оқиғасы ашылған. Аталмыш қылмысты қаланың үш тұрғыны өздерінің қарыздарын қайтармау мақсатында жасаған. «Осыған орай қазір Шығыс Қазақстан облысындағы кеден бекеттері бірінің бастығына айып тағылып отыр. Аталмыш қылмысты осы кеденнің бастығы ұйымдастырды деген күдік бар», деді Б.Аймағамбетов.
Соңғы жаңалықтар