Мәскеуде 3 жасар қызын ваннада тұншықтырып өлтірген әйел ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеуде 3 жасар қызын ваннада тұншықтырып өлтірген әйел ұсталды. Қайғылы жағдай 13 қарашада күндіз Шарикоподшипниковский көшесінде (Мәскеудің оңтүстік-шығысында) орналасқан пәтерде орын алған, деп хабарлады ресейлік БАҚ.

Мәскеуде 3 жасар қызын ваннада тұншықтырып өлтірген әйел ұсталды

«Әйел қызын ваннадағы суға тұншықтырып өлтірген. Ол өз айыбын мойындады. Жауап алу барысында ол қызын тәрбиелеуден шаршағаннан кейін осы әрекетке барғанын айтып, ақталды», - деп хабарлады Тергеу комитеті мәскеулік басқарма басшысының аға көмекшісі. Аталған іс бойынша қылмыстық іс қозғалды.