Мәскеуде 40-тан астам ойын орындары жабылды
МӘСКЕУ. Маусымның 17-сі. ҚазАқпарат – Мәскеуде 40-тан астам ойын мекемелері жабылды және тағы 30-ының мүліктері тұтқындалды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру агенттігіне сілтеме жасап. Ойын бизнесі саласындағы қылмысты анықтау және жолын кесу жөніндегі милицияның арнайы операциясының нәтижесі осындай. Оны экономикалық қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері жүргізді. Осы фактілерге қатысты қылмыстық іс қозғалды.