Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Мәскеуде 40 жылда болмаған қар жауды

Мәскеуде кейінгі 40 жылда тіркелмеген қалың қар жауды. Бұл туралы Мәскеу облысының губернаторы Андрей Воробьев мәлім етті, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.

қалың қар
Фото: Воробьёв LIVE

— Түні бойы жол мен көшелерді 3 мыңға жуық адам, 2 мыңнан астам техника тазалады. Жұмысшылар бір сәтке де дамылдамады. Қоғамдық көліктерге ерекше назар аударылды. Можайск, Ленинск, Лобне мен Подольскіде жол тазалау қиындады. Ол жаққа қосымша күш жіберіп жатырмыз, - деп хабарлады ол Telegram-арнасында.

Воробьев кей жерлерде қар аралас жаңбыр жауғандықтан көктайғақ болып жатқанын атап өтті.