Мәскеуде 5 мың адам эвакуацияланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеуде жарылғыш зат қойылды деген 10 объектіден 5 мың адам қауіпсіз аумаққа шығарылды, деп хабарлайды ТАСС.

Мәскеуде 5 мың адам эвакуацияланды

Агенттіктік хабарлауынша, қазіргі уақытта Мәскеуде жарылғыш зат қойылды деген 10 объектіден 5 мың адам қауіпсіз аумаққа шығарылды. Ол жерлерде полиция қызметкерлері мен кинологтар жұмыс жасап жатыр.

Жарылғыш заттар қойылды деген объектілердің ішінде қонақ үй, түнгі клуб және бар, сауда орталықтары бар.