Мәскеуде 65 жылда болмаған аптап ыстық тұр
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеуде соңғы 65 жылда болмаған аптап ыстық тұрғындарды әбігерге салып жатыр, деп хабарлайды 24.kz.
Шаһарда осымен бірнеше күн бойы ауа температурасы 33 градустан төмендемей тұр. Соның салдарынан жергілікті жұрт су-бұрқақтарының маңынан сая табуда.
Қаланың басты теміржол вокзалдарында жолаушыларға тегін су таратылып жатыр. Ал синоптиктердің пайымдауынша, келесі аптада аптап соңы нөсерге ауысуы тиіс.