Мәскеуде 86 жасында Юрий Никулиннің жұбайы қайтыс болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеуде 86 жасына қараған шағында Юрий Никулиннің жұбайы, цирк әртісі Татьяна Никулина қайтыс болды. Ол туралы Максим Никулин хабарлады, деп жазады «ТАСС».
Максим Никулиннің айтуынша, оның анасы соңғы айларды қатты ауырып, инсульт алған.
Татьяна Никулина циркте 30 жылдан астам уақыт қызмет етті. Юрий Никулинмен 1949 жылы танысып, 6 айдан соң тұрмысқа шыққан.