Мәскеуде 90 адамда «доңыз тұмауы» диагнозы расталуы мүмкін

АСТАНА.  Шілденің  27-сі. ҚазАқпарат   -   A(H1N1)   тұмауын жұқтырған  деген күдікпен  барлық науқастар    жеткізілетін  Мәскеудегі  №1  инфекциялық  аурухана  пациенттерге  толып кетті, 

 Мәскеуде  90 адамда  «доңыз тұмауы»  диагнозы  расталуы  мүмкін

 деп   хабарлайды ҚазАқпарат  Utro.ru сайтына  сілтеме  жасап.

«Бізге жаңа тұмауды  жұқтырғандармен  қарым-қатынаста  болған 90-ға жуық  адам  келіп түсті.  Олар  әрқайсысы 45  орындық екі бөлімді толтырды.   Жаңадан түскендерді  біз басқа  бөлімдерге  жатқызудамыз»,  -   деп хабарлады    ауруханадағы  есімін атамаған   дереккөз.