Мәскеуде Абай ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
МӘСКЕУ. Тамыздың 11-і. ҚазАқпарат /Арнұр Рахымбеков/ - Мәскеуде, кеше Абай Құнанбаевтың туған күнінде, Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінің дипломаттары мен қазақ диаспорасының өкілдері Чистые пруды ауданындағы Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойды,
деп хабарлады Қазақстан Елшілігінің баспасөз қызметінен.
Салтанатты рәсімге сондай-ақ, М.Горький атындағы Әлем әдебиеті институтының жетекші ғылыми қызметкері О.Овчаренко ханым қатысты. Ол өз сөзінде, қазақ пен орыс әдебиетінің ұзақ жылдар бойғы байланысы туралы әңгімелеп берді. Ал ақын-аудармашы Г.Онанян өзі орыс тіліне аударған Абайдың өлеңін оқып берді. Қазақ диаспорасының балалары да ана тілінде Абай өлеңдерін оқыды.
Ресей елордасындағы Абай ескерткіші 2006 жылы сәуірдің 4-інде Қазақстан мен Ресей Президенттерінің қатысуымен ашылған болатын.