20:26, 01 Желтоқсан 2011 | GMT +5
Мәскеуде әлемдегі ең биік аттракцион салынады
АСТАНА. 1 желтоқсан. ҚазАқпарат - Мәскеу билігі туристерді өздеріне қызықтыру бағдарламасы аясында әлемдегі ең биік «арба дөңгелегін» салмақ. Құрылыстың биіктігі 220 метрді құрайды. Бұл қазіргі кездегі әлемдегі рекордсмен Singapore Flyer-ден биік.

Аттракцион әрбірі 48 адамға арналған 48 кабинамен жабдықталады. Онда сауда-ойын-сауық кешені, дүкен, ресторан, концерттік зал, сондай-ақ мұз айдыны, көркем галерея және тағы да басқа орталықтар ашылады. Дөңгелек бір айналып өту үшін 48 минут кетеді екен. Оған қоса аттракционның қасында 320 метрлік сүмбі өседі. Айта кетейік, бұл аттракционды салуға 300 млн. доллар жұмсалмақ.