Мәскеуде «Алма-Атинская» стансасында эскалатордан құлаған жолаушы қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Алма-Атинская» стансасында эскалатордан құлаған әйел комаға түсіп, бірнеше аптадан соң есін жимай көз жұмды, деп хабарлады lifenews.ru.
None
None

«4 желтоқсанда 66 жастағы мәскеулік «Алма-Атинская» стансасында эскалатордан құлағаны жайлы хабар келіп түсті», - деп мәлім етті құқық қорғау органдарындағы ақпарат көзі.

Құлағанда зейнеткер басымен соғылған, алайда қатты соққы болмады деп ойлаған ол жедел жәрдем шақыртпаған. Любовь Г. үйіне келгенде бас ауруы күшейіп, дәрігерлерге жүгінуге мәжбүр болды. Артынша зейнеткер комаға түсті.

Кейін белгілі болғандай, эскалатордан құлаған Любовь Г. жабық бас-сүйек жарақатын алып, миына қан құйылған. Жарақат алғанынан 3 апта өткен соң ол ауруханада қайтыс болды. Метрополитен полициясы тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Соңғы жаңалықтар