Мәскеуде әнші Владимир Кузьминнің ұлы мерт болды
АСТАНА. Қазанның 19-ы. ҚазАқпарат - Мәскеу милициясы танымал әнші Владимир Кузьминнің ұлы - Степан Кузьминнің өлімінің мән-жайын тексеруде,
деп хабарлайды ИТАР-ТАСС агенттігі.
Құқық қорғау органдарының мәлімдемесі бойынша, жас жігіт жексенбі күні күндіз Мәскеудің оңтүстік-батысындағы тұрғын үйлердің бірінің 17-ші қабатынан құлап кеткен.
Дерек көздің айтуынша, оқиға Пилюгин көшесіндегі 12-ші үйде болған. «Әзірге анықталмаған себептермен Степан Кузьмин (1983 жылы туған) терезеден құлап кетіп, алған жарақаттардан оқиға орнында көз жұмған».
Оқиға бойынша құқық қорғау органдары тексеру жүргізіп жатыр.