Мәскеуде апатқа ұшыраған екі пойыз жайлы видео пайда болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Желіде Мәскеуде соқтығысқан екі пойыз жайлы видео пайда болды. Соңғы деректерге қарағанда медициналық көмекке 50 адам жүгінген, олардың 21-сі ауруханаға жатқызылды.

Мәскеуде апатқа ұшыраған екі пойыз жайлы видео пайда болды

Бұдан бұрын хабарланғандай , оқиға Мәскеуде жексенбіге қараған түні, 9 сәуірде орын алды.

Мәскеу-Брест бағытындағы жолаушылар  пойызы қала маңы пойызымен соқтығысқан. Электр пойызының машинисі теміржолды кесе жүгіріп өткен адамды басып кетпеу үшін шұғыл тежегішті басқан, деп жазады russian.rt.com .