Мәскеуде арбитраждық сот ғимараты маңында бизнесменді атып кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеуде арбитраждық сот ғимаратының маңында бизнесменге оқ атты, деп жазады «Российская газета».
Белгісіз біреу әзірге анықталмаған қарумен ер адамды оқ атып, оқиға орнынан ізін суытқан. Жапа шеккеннің танысы оны өз көлігіне отырғызып, жақын жердегі ауруханаға жеткізді.
Қазір полиция тиісті жедел-іздестіру шараларын өткізіп жатыр.
Оқ атқан адамның сипаттары белгісіз. Жарақаттанған жанның жағдайы туралы хабар түспеді.