Мәскеуде «ат-Такфир уәл-Хиджра» экстремистік ұйымының 14 мүшесі ұсталды
АСТАНА. 27 қараша. ҚазАқпарат - Жедел қызметкерлер 27 қараша күні түнде Мәскеуде "ат-Такфир уәл-Хиджра" экстремистік ұйымының 14 мүшесін ұстады, деп хабарлайды "Интерфакс" агенттігі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ұйым мүшелерін тінту барысында детонаторы бар қолдан жасалған үш жарылғыш зат, жарылғыш құрылғының бөлшектері, оның ішінде детонаторлар, баулар, жарғыш заттар, тапаншалар, гранаталар, оқ-дәрілер, экстремистік әдебиеттер табылды және тәркіленді, деп ақпараттандырды ІІМ баспасөз қызметі.
Ұсталған адамдарға қатысты әзірге қылмыстық іс қозғалған жоқ. Бұл мәселе қаралу үстінде, деп нақтылады полиция. Экстремистік ұйым өкілдеріне қару-жарақты және жарылғыш заттарды заңсыз сақтады деген айып тағылуы мүмкін.