Мәскеуде атыс болды, үш адам жарақаттанды

АСТАНА. 19 наурыз. ҚазАқпарат - Өткен жексенбі, 18 наурыз күні Мәскеудің оңтүстік-шығысында атыс болды, салдарынан үш адам зардап шекті.

Мәскеуде атыс болды, үш адам жарақаттанды

Бұл туралы РБК-ға астаналық полициясының баспасөз қызметінен хабарлады.

Ведомствоның мәліметтерінше, дау-дамай барысында 1991 жылғы жігіт әйелді ішінен тепкен. Араша түспек болған әйелдің жұбайына жігіт травматикалық тапаншадан оқ атқан, қарсыласы жауапсыз қалмай, оған да оқ атқан.  

Осы кезде жас жігітке оның анасы көмекке келіп, өзінің зайыбын қорғамақ болған еркекке қарсы травматикалық қарудан атты.

Жанжал салдарынан жәбірленуші әйелдің жұбайы мен жас жігіт оқ жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Жігіттің анасына да медициналық көмек қажет болды.