Мәскеуде ауа райының температурасы 33 жыл бұрынғы рекордтан асып түсті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Мәскеуде ауа температурасының рекорды орнатылды. Ресей астанасындағы бас метеостансаның мәліметі бойынша бүгін түстен кейін күн 14,4 градусқа дейін жылыған. Осы арқылы бұл көрсеткіш 1981 жылғы рекордтан 0,6 градусқа жоғары болып отыр.
None
None

Синоптиктер деректеріне қарағанда, алдағы тәуліктерде Мәскеу аумағында күннің жылынуы жалғасады. Сонымен қатар олар 24 наурызда да жаңа рекорд орнатылуы мүмкін дегенді алға тартуда. Осыған дейн 2004 жылдың 24 наурызында термометр бағаны 12,7 градусқа жетіп, жоғары көрсеткішке жеткен еді.

Айта кетейік, биылғы наурызда ауа райының рекорды 8, 9, 10, 22 және 23 күндері жаңарды, деп жазады ИТАР-ТАСС.

Соңғы жаңалықтар