Мәскеуде автомобиль автотұрақтың төртінші қабатынан құлап кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеудің батысында автотұрақтың төртінші қабатынан жеңіл көлік құлады, деп жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап РБК хабарлады.
Жеңіл автомобиль Мәскеудің батысындағы автотұрақтың төртінші қабатынан құлады, салдарынан адамдар жаншылып қалды. Бұл туралы «Интерфаксқа» ел астанасының жедел қызметтеріндегі ақпарат көзі хабарлады.
Агенттіктің ақпарат көзінің айтуынша, бұл оқыс оқиға «Маршал Прошляков көшесі, 14» мекен-жайында орын алды. Оқиға орнында қаланың жедел қызметтері жұмыс істеуде.