Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Мәскеуде аязға байланысты қауіптіліктің «сарғылт» деңгейі енгізілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - РФ Гидрометорталығының синоптиктері 8 қаңтар күні күтіліп отырған сарышұнақ аяздарға байланысты Мәскеуде ауа райы қауіптілігінің «сарғылт» деңгейін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Мәскеуде аязға байланысты қауіптіліктің «сарғылт» деңгейі енгізілді

«Сарғылт» деңгей ауа райы қауіпті дегенді білдіреді. Табиғи апаттар, зақымдар болуы мүмкін», - деп атап өтуде синоптиктер.

Қауіптіліктің осындай деңгейі Кострома облысы үшін де енгізілді. Орталық федералды аймақтың қалған өңірлерінде оның деңгейі - «сары».

Болжамдарға сәйкес, алдағы түні Мәскеуде -30-35 градус аяз тұрады.

Бұған дейін хабарланғандай, биылғы 7 қаңтар (Рождество мерекесі күні) Мәскеуде соңғы 120 жыл ішіндегі ең аяздысы болды. Метеорологтардың мәліметінше, РФ астанасында температура минус 29,9 градусқа дейін, ал облыста - 33,4 градусқа дейін суытты.