Мәскеуде банкоматтан 2,5 млн рубль ұрлаған адам қолға түсті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеудің оңтүстік батысында екі ер адам газ қоспасы арқылы банкоматты жарып, 2,5 млн рубльден астам қаражатты ұрлаған.

Мәскеуде банкоматтан  2,5 млн рубль ұрлаған адам қолға түсті

Баукеспелер бұл қылмысты Обручева көшесінің бойында сенбі күні мәскеу уақытымен шамамен 4:50-де жасаған. Ал сағат 5:30-да Ленин даңғылында полицейлер күдіктінің бірін қолға түсірді.

Сондай-ақ, оның сыбайласы ретінде сезіктелген екі адам ұсталды. Екеуі де жұмыссыз, деп хабарлады rosbalt.ru.