Мәскеуде банкоматты жарған тонаушы жарымжан болып қалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жексенбіге қараған түні Мәскеудің оңтүстігінде банкоматты жарған ұрлықшы жарылыс толқынының қатты соққысынан есеңгіреп, терминалдағы 1,5 млн. рубльді ұрлай алмай қалды, деп хабарлады ИТАР-ТАСС-қа құқық қорғау органдарынан.
Ақпарат берушінің сөзіне қарағанда, қолдан жасалған жарылғыш заттың қуаттылығы тротил бойынша 300 грамға жуақ болған.
Қылмыс Мәскеудің Кашир шоссесінің бойындағы банк бөлімінде жасалған. Ұрлықшы қолдан жасалған құрылғымен банкоматты жарып, салдарынан әйнектер мен есіктер сынып, төлемге арналған қасындағы екінші банкомат қирады.
Атаған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, жедел әрекет етушілер видеобақылау камераларынан алынған жазбаларды бақылауда.