Мәскеуде банкоматты жарып, ішіндегі ақшаны сыпырып кеткен
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеудің оңтүстік батысында белгісіз біреулер банкоматты жарып, ақша жымқырып кетті. Ұрлық Нахимовск даңғылында таңертеңгі сағат 04:30-да жасалған, деп хабарлады ТАСС.
«Ұрылар тұрғын үйдің бірінші қабатында орнатылған банкоматқа газ жіберген. Қаскүнемдер осылайша банкоматты жарып, ақша алған да бой тасалаған, делінген полиция баспасөз қызметінде.
«Оқиға орнында тергеу-жедел тобы жұмыс жүргізуде. Ұрланған қаржы сомасы анықталуда».