Мәскеуде Бауыржан Момышұлының 100 жылдығына арналған «Аңызға айналған батыр» кітабының тұсаукесері болды

ӘСКЕУ. Ақпанның 5-і. ҚазАқпарат /Нарымбек Ысмағұлов/ - Мәскеуде Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті елшілігінің резиденциясында Кеңес Одағының Батыры, даңқты қолбасшы және жазушы Бауыржан Момышұлы туралы «Аңызға айналған батыр» кітабының тұсаукесері болды.

Мәскеуде Бауыржан Момышұлының 100 жылдығына арналған «Аңызға айналған батыр» кітабының тұсаукесері болды

Іс-шараға ҚР Парламентінің депутаттары, қазақстандық дипломатиялық өкілдіктің қызметкерлері, екі ел ардагерлері ұйымдарының өкілдері, Ресей Федерациясындағы қазақстандық қоғамдық бірлестіктердің басшылары, сондай-ақ Мәскеу жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттері қатысты.

МОСКВА. Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Зауытбек Тұрысбеков тұсаукесерді ашу кезінде сөйлеген сөзінде екі айтулы оқиғаның: Ұлы Жеңістің 65 жылдығы және Бауыржан Момышұлының 100 жылдығы тұспа-тұс келіп отырғанын атап өтті.

«Даңқты қазақ ұлы Бауыржан Момышұлының жауынгерлік және шығармашылық жолы Қазақстаннан тыс жерлерге де кеңінен танымал. Бұл кітап - авторлар ұжымының көп жылғы қыруар жұмыстарының жемісі. Олар - көрнекті жазушылар, журналистер, ғалымдар, мемлекет және қоғам қайраткерлері, Ұлы Отан соғысының ардагерлері», - деді З.Тұрысбеков.

Жинақта Бауыржан Момышұлының Мәскеу мұрағаттарында сақталған, бұрын жарияланбаған жазбалары, сұхбаттары, суреттері, сондай-ақ майдангер-достары - Мәлік Ғабдуллиннің, Дмитрий Снегиннің естеліктері орын алған.