19:45, 28 Мамыр 2016 | GMT +5
Мәскеуде белгісіз біреу балконда тұрып, ауладағы ит жетектеген әйелді атты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеудегі Теплый Стан көшесінде белгісіз біреу көшедегі өтіп бара жатқан адамдарға пневматикалық қарудан оқ жаудырған.

Келеңсіз оқиға салдарынан аула ішінде итімен бірге серуендеп жүрген әйел зардап шекті. Оқ оның тура маңдайына тиіп, тұрып қалған.
Мәскеу полицейлері тұрғын үйлердің пәтерлерін тінтіп, қаскүнемді іздестіріп жатыр. Зардап шеккен жанға тиісті медициналық көмек көрсетілуде, деп хабарлайды piter.tv.