Мәскеуде белгісіз ер адам банк бөлімінде кісілерді тұтқынға алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеудің шығыс аумағында банк бөліміне қарулы шабуыл жасалды. Ол банк қызметкерлерін тұтқынға алды, деп хабарлайды РИА Новости.

Мәскеуде белгісіз ер адам банк бөлімінде кісілерді тұтқынға алды

«Белгісіз ер адам банк бөлімінде қызметкерлерді тұтқынға алып, бөлімді іштен бекітіп алған. Ол әлі өз талаптарын жариялаған жоқ. Оқиға орнына полиция арнайы жасағы аттанды», - деп хабарлайды агенттік.

Мәскеу полициясы бұл оқиға туралы мәлімдеме жасаған жоқ.