Мәскеуде бір отбасының 4 адамын өлтіріп кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеудің оңтүстігінде белгісіз адамдар бір отбасының төрт мүшесін бірдей өлтіріп кетті, деп хабарлады lenta.ru.
Ерлі-зайыптылардың, олардың ұлы мен келінінің зомбылықпен өлтірілген денелері 5 желтоқсан күні Нагатин көшесіндегі пәтерінен табылған.
Сарапшылар олардың көптеген пышақталған жарақаттардан көз жұмғанын анықтады.
Құқық қорғау органдарындағы дереккөздің айтуынша, қаскөйлер қылмыс ізін жасыруға тырысқан. Олар газ колонкаларын ашып кетіп, жарылыс және өрт болады деп, үміттенген. Тергеу нұсқасы бойынша, отбасы бақуатты тұрмыс шеккен, таныстарының тарапынан тонау мақсатында қылмыс жасалуы мүмкін.
Қылмыс орнында тергеушілер мен криминалистер жұмыс жасауда, бірқатар сараптамалар тағайындалмақ. РФ Қылмыстық кодексінің 2 бөлімі 105-ші бабымен қылмыстық іс қозғалды.