Мәскеуде бір тәуліктің ішінде 900 жол апаты орын алды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеуде материалдық шығын келтірумен 880 жол-көлік оқиғасы тіркелген, көпшілік бөлігі - жылдамдық режімін және арақашықтықты сақтамағандықтан, сондай-ақ көктайғақ кезінде қауіпті бұрылудың салдарынан болған.
Бұл туралы ТАСС Мемавтоинспекцияға сілтеме жасап хабарлайды.
«24 апаттан 26 адам түрлі жарақат алған, - деп атап өтті Жол қозғалысы қауіпсіздігі мемлекеттік инспекциясының астаналық басқармасынан.