Мәскеуде Бірыңғай экономикалық кеңістік мәселелері талқыланды

АСТАНА. 10 желтоқсан. ҚазАқпарат -Қазақстандық парламентшілер «Бірыңғай экономикалық кеңістік: проблемалар және оларды шешу жолдары, даму келешегі және құқықтық қамтамасыз ету» тақырыбы бойынша Мәскеуде өтіп жатқан «дөңгелек үстел» отырысына қатысты. Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметінен хабарланды.
None
None

Ресейдің Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің бастамасымен өтіп жатқан шарада Бірыңғай экономикалық кеңістіктің қызметі, Кеден одағы өнімдерінің әлемдік нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру, Кеден одағын кеңейту, интеграцияның парламенттік өлшемі мәселелеріне назар аударылады. «Дөңгелек үстел» отырысы барысында Парламент Сенатының  Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Икрам Адырбеков баяндама жасады.

Сондай-ақ бүгін Мәскеуде «Қазіргі заманғы парламентаризм және демократияның келешегі» тақырыбы бойынша халықаралық парламенттік форум ашылды. Шараға қазақстандық сенатор Юрий Кубайчук қатысуда. Форумда экономикадағы дағдарыс жағдайларын еңсеру және ескертудегі заң шығарудың рөліне, қазіргі замандағы қоғам дамуына демократия институттарының әсеріне қатысты мәселелер талқыланады.

Соңғы жаңалықтар