Мәскеуде бизнес орталықтағы жеделсаты үзіліп кетіп, 1 адам қаза тапты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеу қаласындағы Мытная көшесінде орналасқан «Офис Плаза» бизнес орталығында жеделсаты кабинасы шахтасына құлап, сол кезде ішінде жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан монтер қаза тапты.
Бұл туралы ТАСС агенттігіне құқық қорғау органдарындағы дереккөз хабарлады. Қазіргі кезде РФ Тергеу комитеті аталған факті бойынша тергеу амалдарын бастады. Оның қорытындылары бойынша, процессуалдық шешім қабылданады.