Мәскеуде Борис Ельциннің өмірбаяны жайлы кітап таныстырылды
АСТАНА. Қыркүйектің 2-сі. ҚазАқпарат - «Тамаша адамдар өмірі» сериясымен Ресейдің тұңғыш президенті борис ельциннің өмірбаяны жарық көрді. Борис минаев жазған бұл кітап бүгін Мәскеудегі 23-ші халықаралық кітап жәрмеңкесчінде таныстырылды, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.
«Бұл менің өмірімдегі ең қимын әбеби жұмыс болды, мен Борис Николаевичтің отбасы және онымен қызметтес болған адамдардың алдындағы үлкен жауапкершілікті қатты сезіндім», - деді Б.Минаев. Оның айтуынша, кітапқа бұрын ешкім жазбаған сәттер де енген.
Ресейдің тұңғыш президентінің жесірі Наина Ельцина тұтастай алғанда кітапты мақұлдады.
Кітапқа алғысөзді РФ премьер-министрі Владимир Путин жазған.