Мәскеуде Бүкіләлемдік медиа саммиті басталды

None
None
МӘСКЕУ. 5 шілде. ҚазАқпарат - Мәскеу қаласында әлемнің жетекші БАҚ-тарының басшылары қатысатын Бүкіләлемдік медиа саммиті өз жұмысын бастады.

«Әлемдік медиа: ХХІ ғасырдың қыр көрсетулері» ұранымен өтіп жатқан екікүндік форумның ұйымдастырушысы ресейлік ИТАР-ТАСС ақпараттық агенттігі. Шара халықаралық сауда орталығы алаңында өтуде.

Саммит 102 елден келген 213 бұқаралық ақпарат құралдарының 300 топ-менеджерін жинады. Форумға сондай-ақ Қазақстанның бірқатар масс-медиа жетекшілері қатысуда.

Саммит қатысушыларына құттықтау сөздерін РФ Президенті мен Үкімет басшысы Владимир Путин пен Дмитрий Медведев және БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мун жолдады.

Екікүндік саммит барысында бүкіл әлемдегі бұқаралық ақпарат құралдарының жиі тап болатын көкейкесті проблемаларды талқылау жоспарлануда. Олардың арасында электрондық БАҚ-ты дамыту, әлеуметтік желілердің мәні, БАҚ пен бизнестің өзара қарым-қатынастары және журналистік этиканың проблемалары бар.

Сондай-ақ медианың әлемде болып жатқан саяси өзгерістердегі рөлі, БАҚ-тың экономикалық дағдарыс жағдайында аман қалуының моделі, дәстүрлі БАҚ-тың транформациялануының негізгі беталыстары қарастырылады.

Саммитте сондай-ақ орыс тіліндегі баспасөздің шетелдегі тарихы туралы баяндайтын «Біз сақтап қалған Ресей» атты көрме өткізіледі.

Соңғы жаңалықтар