Мәскеуде Бүкілресейлік мемлекеттік кинематография институты (БМКИ) мен «Қазақфильм» АҚ арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды
МӘСКЕУ. Наурыздың 19-ы. ҚазАқпарат /Арнұр Рахымбеков/ - Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Әділбек Жақсыбеков С.А.Герасимов атындағы Бүкілресейлік мемлекеттік кинематография университетінде (БМКИ) болды,
онда қазір «Болашақ» Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ мен Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ тапсырысы бойынша 19 қазақстандық студент білім алып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Ә.Жақсыбеков пен БМКИ ректоры В.Малышовтың, университеттің озық ұстаздарының, «Қазақфильм» АҚ президенті Е.Аманшаевтың және қазақстандық студенттердің қатысуымен өткен кездесу барысында кино жасау, аудиобейне саласын ғылыми зерттеу, жастардың шығармашылық байланысы жөніндегі екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды.БМКИ ректоры еліміздегі білім беру, аудиобейне саласына мамандар дайындау мәселесіне Қазақстан басшысының жете мән беріп отырғандығын жоғары бағалады. Негізгі тиісті мамандықтар бойынша 20 қазақстандық кинематографисті БМКИ-де қайта дайындыққа жіберу ҚР Президенті Н.Назарбаевтың жастар шығармашылығы мен кино өнері саласын қолдау бағдарламасын реформалауды тиімді жүргізіп жатқандығының айқын белгісі. Кездесу қорытындысы бойынша БМКИ мен «Қазақфильм» АҚ-ы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.