18:17, 24 Ақпан 2009 | GMT +5
Мәскеуде Д.Аманжолованың жаңа кітабы мен «Алаш» қозғалысына арналған журналдың таныстырылымы болады
АСТАНА. Ақпанның 24-і. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Ертең Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінде тарих ғылымдарының докторы, профессор Дина Аманжолованың «Сын сәтінде: Алаш Қазақстанның этносаяси тарихында» атты кітабының тұсаукесері өтеді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Кітаппен қоса, «Тарихи мұрағат» «Ресей-Қазақстан. XVIII-XX ғасыр» журналының арнайы шығарылымының таныстырылымы да жоспарланған. Журналдың бұл санына қазақстандық, ресейлік тарихшылардың «Алаш» қозғалысына қатысты әзірлеген мұрағатты құжаттары енгізіліп отыр. «Салтанатты жиынға Қазақстанның Ресейдегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Әділбек Жақсыбеков, сондай-ақ екі елдің ғалымдары, сарапшылар, қазақ диаспорасының өкілдері және «Нұр Отан» ХДП хатшысы Ерлан Қарин қатысады», - деді «Нұр Отан» партиясының ресми өкілі Оксана Петерс.