Мәскеуде дағдарысқа қарсы шаралар аясында Қазақстанның тәжірибесін пайдалану мәселесі сөз болды

АСТАНА. Ақпанның 25-і. ҚазАқпарат- Мәскеуде өткен іскерлік форумда бизнес саласын дамытуда Қазақстанның тәжірибесін пайдалану мәселесі сөз болды,

Мәскеуде дағдарысқа қарсы шаралар аясында Қазақстанның тәжірибесін пайдалану мәселесі сөз болды
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Форумға қатысушылар Қазақстанның шағын және орта бизнесті тексеруге жариялаған мораториінен бастап, озық инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру тұрғысында қабылдаған шараларын ескеру керектігін сөз еткен. Жиын барысында «Атамекен» Ұлттық экономикалық палатасының төрағасы Азат Перуашев мемлекет және бизнес арасындағы ынтымақтастық саласында Қазақстанда атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде айтып берді. Осы орайда елімізде қабылданып жатқан шаралар Ресей кәсіпорындары басшыларының тарапынан қолдауға ие болды. Атап айтқанда іскерлер бұл бағытта Қазақстанмен ынтымақтастықты нығайту жөніндегі пікірлерін ортаға салды.