Мәскеуде дүлей дауыл құрбандарының саны 4 адамға жетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жұма күні Мәскеу өңірінде соққан дүлей дауыл құрбандарының саны 4 адамға артты. Воскресенский ауданында өзен жағалауынан 47 жастағы ер адамның мүрдесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Лайф. Ру сайтына сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, ол күндіз өзенге балық аулауға шыққан.
Оқиға орнына жеткен дәрігерлер Владимир жай түсіп, қаза тапқанын анықтады.
Еске салсақ, күндіз дауыл кезінде Дмитров ауданы мен Софьино ауылында ер адамдар ажал құшқан болатын.
Мәскеуде мұндай жауын 1923 жылдан бері болмаған. Бірнеше сағаттың ішінде бірқатар ауданда 34 мм-ге дейін жауын-шашын түсті, бір айлық норма - 75 мм. Салдарынан Шереметьево әуежайының ұшып-қону алаңын су басты, жүздеген рейс кейінге шегерілді. Құйынды дауыл ағаштарды құлатты, адамдар зардап шекті. Бірнеше интернет-сайт табиғаттың тосын мінезін тікелей эфирден көрсетіп отырды.
В Москве бушует стихия... дождь, гром и град.. чистится матушка столица #Москва #Moscow #rain #дождь #стихия #градвмоскве
Сегодня жители последних этажей выше облаков #москва #дождь #гроза #ливень