Мәскеуде екі дүркін Олимпиада чемпионы қаза тапты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Семсерлесуден екі дүркін Олимпиада чемпионы Сергей Шариков Мәскеуде 40 жасында көз жұмды, деп хабарлады Ресейдің семсерлесу федерациясы баспасөз қызметінен.
«Біз әзірге ес жия алмай отырмыз. Өзге ақпараттардан хабарсызбыз»,-деді ТАСС агенттігіне пресс-атташе Елена Гришина.
Шариков 1996 және 2000 жылдары топтық сайыста Олимпиада чемпионы атанды.
Ресейлік семсерлесушілер делегациясы қазіргі уақытта швейцариялық Монтрёдегі Еуропа чемпионатына қатысуда.