Мәскеуде екі студент қыз балконнан құлап кетті
АСТАНА. 2 қараша. ҚазАқпарат - Медициналық ЖОО-да оқитын екі студент қыз Мәскеудің батысында орналасқан көпқабатты үйдің балконынан құлап кетті.
Бұл туралы құқық қорғау органдарындағы дерек көзіне сілтеме жасай отырып, Утро.ру агенттігі хабарлады.
Оқиға Озерный көшесінің бойындағы №19 үйде түнгі сағат 02.00-де орын алған. Екі студент қыз да 1993 жылы туылған. «Олардың бірі оқиға орнында қаза тапты, екіншісі жан сақтау бөліміне жеткізілді»,- дейді полиция қызметкерлері.