Мәскеуде ер адам пәтер терезесінен 700 мың рубль лақтырып жіберген

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеуде Вернадский даңғылындағы үйдің терезесінен ер адам 700 мың рубль көлемінде ақша лақтырып жіберген. Кейіннен оның Түмен қаласының тұрғыны екені анықталды.

Мәскеуде ер адам пәтер терезесінен 700 мың рубль лақтырып жіберген

Ресей астанасының құқық қорғау органдары 22 жастағы түмендік пәтерде азаматтық некедегі әйелі және оның анасымен бірге тұрып жатқан. Әйелдер Сочиге демалуға кеткенде, үйде қалған жігіт сейфтен 6,5 млн астам рубльді алып, қашып кеткен.

Пәтерден шықпас бұрын ол терезеден 700 мың рубльді лақтырып жіберген.

Қазір іздестіру жүргізілуде. Қылмыстық іс қозғау туралы мәселе қаралуда.